Cиыр етін Қазақстан аумағынан әкетуге тыйым салынады

Бүгін, 15:52
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views57
Cиыр етін Қазақстан аумағынан әкетуге тыйым салынады
Көрнекі фото: Pixabay.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ірі қара мал етін (сиыр етін) Қазақстан аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz сайты.

 

Бұйрық жобасын әзірлеуге Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2025 жылғы 29 тамыздағы шешімі негіз болған.

"Бұйрық жобасында Қазақстан Республикасының аумағынан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ірі қара мал етін (сиыр етін) (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары: 0201 – ірі қара мал еті, жаңа сойылған немесе салқындатылған және 0202 – ірі қара мал еті, мұздатылған) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне шығаруға сандық шектеулер (квоталар) енгізу көзделген", – делінген құжатта.

АШМ елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту, сондай-ақ сиыр етіне бағаны тұрақтандыру мақсатында осындай шешімге келген.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Көпшілік талқылау мерзімі 22 қазанға дейін жалғасады.