Елордада үш жасар баланың аяғы жылу батареясына қысылып қалды

18 тамыз, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
views147
Елордада үш жасар баланың аяғы жылу батареясына қысылып қалды
фото: ТЖМ

Оқыс оқиға 17 тамыз күні елордадағы Ы.Дүкенұлы көшесінде орналасқан үйлердің бірінде болған, деп хабарлады Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, үш жасар ұл бала абайсызда аяғын жылу батареясының арасына қыстырып алып, өз бетінше шығара алмаған.

«ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жедел түрде жетіп, гидравликалық құралдарды қолданып, баланың аяғын босатты. Бала зардап шеккен жоқ және оған медициналық көмек қажет болмады»,- делінген хабарламада.