Айыпталушы Шерзат Полаттың 16 жаста екенін білмегенін айтты


Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сотта айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев жауап беріп жатыр.
«Осы уақытқа дейін жәбірленуші Г. Бишембаева «Нұрбол менің бір қолымды ұстап тұрды» деді. Ондай жағдай орын алды ма?»,- деп сұрады қорғаушы.
Оқи отырыңыз: «Ешқандай да бандит емеспін»: айыпталушы өзін «хуторский» деп таныстырмағанын айтты
Нұрбол Тоқтаубаев марқұм Шерзат Полаттың 16 жаста екенін білмегенін айтты.
«Біз мылтық аталған кезде абдырап қалдық. Сол кезде әйел адамның дауысы шығып жатты. Төбелес болып жатқандықтан кімнің әкесі, кімнің шешесі екенін білмеймін. Шерзаттың 16 жаста екенін де білген жоқпын. Басында Шерзаттың 16 жаста деп айттық деген айғақтары жалған. Мен Бишембаеваның қолынан ұстаған жоқпын. Ондай ештене болған жоқ. Оның түрін де көрген жоқпын»,- деді ол.
Айта кетейік, бүгінгі сот отырысында судья желі қолданушыларына ескерту жасады.
Ал айыпталушы Дархан Әскентай басқа айыпталушыларды танымайтынын айтты.
Сонымен қатар сот отырысында 4 қазан күні түсірілген «Қамажай» дүкені ішіндегі бейнежазба көрсетілді. Прокурор куәгер екі қыз туралы жаңа дерек айтты.



