Армениядан Қазақстанға қауіпті қылмыскер жеткізілді


Кісі өлтірмек болып, Арменияға қашып кеткен күдікті Ереваннан экстрадицияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Ол ішімдікке мас күйде қасында отырған адамға пышақ сұғып алған.
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Армения Республикасындағы елшілігінің көмегімен бұрын бірнеше рет сотталған Қазақстан азаматын кісі өлтіруге оқталғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ереваннан экстрадициялады.
2024 жылғы қыркүйекте Петропавл қаласында аталған тұлға мас күйінде бұзақылық ниетпен жәбірленушінің өмірлік маңызды органдарына пышақпен бірнеше рет жарақат салған, ал оның өмірі шұғыл медициналық көмек көрсету арқылы сақталды.
«Қылмыс жасағаннан кейін шабуылдаушы қылмыстық қудалау органдарынан қашып кеткен, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған. Өткен жылдың қазан айында ол Армения аумағында ұсталып, ҚазақстанбБас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланған. Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. Айыптау қылмысын жасағаны үшін мүлкін тәркілеу арқылы 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген», – делінген хабарламада.



