Алматыда қамаудағы адамның қашып кеткен сәті видеоға түсіп қалды

Алматыда қамаудағы адамның қашып кеткен сәті видеоға түсіп қалды
Pixabay.com

Алматыда қалалық ауруханада емделіп жатқан күдікті қашып кетіп, артынша ұсталды. Бұл туралы ақпаратты Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті таратты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде тергеу изоляторынан қашып кеткен азаматқа іздеу жарияланғаны хабарланған болатын. Жарияланған видеодан ер адамның ғимарат терезесінен секіріп түскенін көруге болады.  

Қашу фактісін Қылмыстық атқару жүйесі комитеті растады. Ведомствоның мәліметінше ұрлық жасады деген күдікке ілінген адам ауруханадан қашып кеткен.

"Қашып кеткен күдікті ұсталды. Күдіктінің қалалық ауруханадан қашып кетуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.