Елордада жатақханада болған өрттен екі адам зардап шекті
15 тамыз, 2024


Елордада екі қабатты жатақханадан өрт шығып, салдарынан иіс тиген екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлады Elorda.info.
16 желтоқсан күні сағат 13:44-те Астана қаласы төтенше жағдай департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Алматы ауданы Балқантау көшесі 137 мекенжайына барды. Оқиға орнына құтқарушылар 4 минутта жетті және екі қабатты коттедждің жатақхана ретінде қайта жабдықталғанын анықтады. Онда жалпы ауданы 150 шаршы метр болатын шатыр мен үй төбесі жанған», - деп хабарлады қалалық ТЖ департаменті.
Тілсіз жауды сөндіруге 20 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 14:27-де өшірілді.
Өрт салдарынан 1971 жылы және 1994 жылы туған екі адам көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жеткізілді.
Ұқсас жаңалықтар