Килиманджаро шыңы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай бағындырылды


Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай 1 наурыз - Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні қарсаңында Альпинизм федерациясының қолдауымен альпинизмнен еңбек сіңірген спорт шебері Мақсат Жұмаев бастаған спортшылар командасы 26 ақпанда Килиманджаро шыңына шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Көтерілу оңай болған жоқ, қиындықтар көтерілу жылдамдығына әсер етті, бірақ бірге Қазақстан халқының бірлігін, достығын, мызғымас ерік-жігерін бейнелейтін әртүрлі этностардың өкілдерінен құралған қазақстандық команда Килиманджаро шыңына жете алды.
Қатты жел мен оттегінің жетіспеушілігіне қарамастан, біздің атақты альпинистер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Ассамблеяның туын тау шыңында көтере алды.
Килиманджаро - әлемдегі ең биік жеті шыңның бірі, Африкадағы ең биік тау, сонымен қатар әлемдегі жеке тұрған ең биік тау болып табылады. Шыңның ең биік нүктесі Ухурудың биіктігі теңіз деңгейінен 5895 метр жоғары.
Мақсұт Жұмаев - биіктігі сегіз мың метр болатын барлық 14 шыңды бағындырған альпинист. Ол шыңдарға қосымша оттегін пайдаланбай көтеріле алған әлемдегі 12-альпинист.



