Қазақстандық мұғалім әлем бойынша ең үздік TikTok авторы атанды

Бүгін, 15:24
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қазақстандық мұғалім әлем бойынша ең үздік TikTok авторы атанды
фото: видеодан алынған кадр

Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ботагөз Омарова TikTok-тың Discover List 2025 әлемдегі 50 мықты авторлардың тізіміне енді. Қазақстандық оқытушыдан бөлек «Мұғалімдер» санатындағы тізімде Польша, Австралия, АҚШ, Сауд Арабиясы, Кения және Ұлыбританиядан 9 блогер бар, деп хабарлады Elordainfo kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Discover List – әлемдегі ерекше контен жасайтын авторлардың еңбегін атап көрсетуге арналған TikTok-тың арнайы жобасы. 2025 жылы тізімге бес тақырыптық санат бойынша контент жасаушылар кірді:

Педагогтар(Educators)  – пайдаланушыларды оқытатын және шабыттандыратын авторлар;
Гурмандар (Foodies) – бірегей аспаздық мазмұн жасайтын креаторлар.
Иконалар(Icons)  – трендтер мен цифрлық мәдениет көшбасшылары;
Инноваторлар (Innovators) – форматтар мен мазмұнмен тәжірибе жасайтын авторлар;
Музыканттар (Originators) – вирустық трендтерді, дыбыстарды және мемдерді жасайтындар.

Ботагөз Омарова @botagozomarova2 Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық кентінен шыққан орыс тілі мұғалімі. Ол платформадағы білім беру мазмұнына дамытуға қосқан үлесі үшін «Оқытушылар» санатына енді. Оның контентінде харизмалық ұсыну, әзіл және бейстандартты оқыту тәсілдері біріктірілген. Осылайша Ботагөз Омарованың сабақтары тек мектеп оқушыларына ғана емес, білімін жетілдіргісі келетін ересектерге де ұнайды. 

«Мен әрқашан тіл үйрену ережелерді жаттау емес, қызықты процесс екенін көрсеткім келді. Мен үшін TikTok-тың халықаралық көрнекті контент жасаушыларының тізімінде болу үлкен мәртебе. Менің жұмысым білімге, әсіресе, орыс тілі мен әдебиетіне жаңа көзқараспен қарауға көмектесетініне қуаныштымын», –  деп бөлісті Достық кентінің тұрғыны.

Discover List тізімі аудиторияның қызығуы, жазылу санының өсуі, қаралым, ұнатулар және TikTok пен одан тыс жерлерде белгілену негізінде құрылған. 
Ботагөз Омарова 2023 жылы #Қазақстанмұғалімдері Tiktok байқауының жеңімпазы болған.