Атырау облысында пойыз жүк көлігімен соқтығысты


Атырау облысында пойыз жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан адамдар зардап шегіп, локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып кеткен, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚТЖ-ға сілтеме жасап.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Telegram-каналында хабарланғандай, 1 наурыз сағат 10:20-да Тендік станциясының теміржол өткелінде жүк көлігі жүргізушісінің кінәсінен жүк пойызы мен ауыр көлік соқтығысқан.
«Апат салдарынан локомотив бригадасының қызметкерлері зардап шекті. Локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып кетті.
2024 жылы теміржол өткелдерінде автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты 28 жол-көлік оқиғасы болды.
ҚТЖ осындай оқиғалардың алдын алу үшін теміржол өткелдерінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады», - деп жазылды хабарламада.



