Бейбіт Қорған: Некесіз бала менікі емес, басқа әншінікі боп шықты


Белгілі әнші Бейбіт Қорған бірнеше ай бұрын шыққан қауесетке нүкте қойды. Ол өзінің некесіз баласының жоқ екенін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz «Әйгерім Сейфолламен сырласу» бағдарламасына сілтеме жасап.
«Оқиғаны біліп алмай көпіріп сөйлей беретіндерге таңғаламын. Бұл оқиғадан соң қызым мен ұлымның мектебінде саусағын шошайтып, соққы көрсеткендер болды. Қазір халыққа айтарым, әр нәрсеге сене бермеңіздер. Қасымда жүрген бауырларымның өзі «Бейбіт, шынымен сен осындайсың ба?» деп көңілі қалғандар болды. Ал мен ДНҚ сынамасын тапсырдым, нәтижесін көрдім, түбінде оған мен емес, басқа әншінің қатысы бар болып шықты», - дейді әнші.
Ол ДНҚ нәтижесі менің әкелігімді растаған болса, халыққа өзім-ақ таныстырар едім дейді.
«Егер ол бала менің балам болса, халықтың алдына шығып, мойындап, менің балам екенін айтар едім. Көмектесер едім», - дейді өнер иесі.



