Дәрігерлер екі жасар сәбидің асқазанынан 105 түйір моншақ алды

Бүгін, 14:39
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Дәрігерлер екі жасар сәбидің асқазанынан 105 түйір моншақ алды
Фото: Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасынан

Алматыда 2 жас 3 айлық бала магнит моншақтарын жұтып қойған. Хирургтер шұғыл ота жасап бөгде затты алып шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 20 ақпан күні Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына 2 жас 3 айлық бала бөгде зат жұтуы мүмкін деген күдікпен жеткізілген.

Рентгенография жасаған кезде баланың асқазанында өлшемі 6,2×2,2 см болатын көптеген металл заттан құралған конгломерат анықталды.

«Дәрігерлер бөгде затты эндоскопиялық әдіспен алуға тырысты. Алайда магниттердің тығыз жиналуының кесірінен бұл мүмкін болмады. Осыған байланысты хирургиялық араласу – лапаротомия және гастротомия жасау туралы шешім қабылданды. Ота барысында баланың асқазанынан 105 магнитті моншақ алынды», - деп хабарламада.

Операциядан кейін бала жансақтау бөліміне жатқызылып, кейін палатаға ауыстырылған.

Қазір жағдайы қанағаттанарлық.