Қазақстанда екі жерде жұмыс істеу заңсыз ба

Бүгін, 15:55
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views65
Қазақстанда екі жерде жұмыс істеу заңсыз ба
фото: Оңалхан Өнерхан

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың негізгі жұмысынан бөлек қосымша жұмыс істеуіне рұқсат бар екенін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алайда еңбек заңнамасына сәйкес шектеулер сақталуға тиіс: негізгі жұмыста – сегіз сағаттан, қосымша жұмыста – төрт сағаттан аспау керек.

Еңбек кодексінде қосымша жұмыс шарттарын бекіту, еңбек демалысын үйлестіру және кәмелетке толмағандар мен қауіпті еңбек жағдайында істейтіндерге шектеулер көрсетілген. Мемлекеттік қызметшілерге де қосымша жұмыс істеуге тыйым салынған, тек педагогикалық, ғылыми және шығармашылық қызметке рұқсат бар.

«Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕБЖ) бойынша мониторинг жүргізіп жатыр. Бұл жүйе еңбек қатынастарының ашықтығын арттырып, электронды еңбек шарттарын ресімдеуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.