Қалаулымды жүргізген Диана Скатова сүйіктісін көпшілікке көрсетті


Отандық танымал тележүргізуші Диана Скатова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өмірне қатысты қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Аллаға шүкір, тәтті шайымыз ойдағыдай өтті. Сүйіктімнен кезекті гүлдер. Жаңа жас-жаңа статус. Қуан, Қазақ елі! – 1 қыз»,- деп жазды ол.
Сонымен қатар Диана Скатова болашақ жары музыкант Сұлтан Нұрбековпен түскен суреттерді жариялап, енді «құпия» емес екенін айтты.
Желі қолданушылары тележүргізушінің қуанышты жаңалығына түрлкі пікір білдіріп жатыр.
«Мәссаған, қаншама жыл жасырды», «Өзімнің қызым тұрмысқа шыққан сияқты қуанып отырмын», «Сұлтан болғанына қуанып кеттім», «Бүкіл ел қуанып жатыр ғой», «Осы сәтті көптен күттік», «Көзім тоймай қарай бергім келеді», «Өте әдемі жұп»,- деп жазды оқырмандар.
Айта кетейік, Диана Скатова мен Сұлтан Нұрбеков QosLike бағдарламасында бірге жұмыс істеді.



