Елордадағы көп қабатты тұрғын үй кешенінен өрт шықты (ВИДЕО)
15 тамыз, 2024


Астананың сол жағалауындағы «7 бочек» тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлады Elorda.info.
Елордалық Төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты растады.
Бүгін сағат 13:34-те Сығанақ көшесі, 20 мекенжайында орналасқан «7 бочек» тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер келген кезде 16-қабаттың сыртқы бөлігі жанып жатқаны анықталды. Сағат 14:08-де өрт толығымен сөндірілді. Тілсіз жауды өшіруге 25 адам мен 5 техника жұмылдырылды, - деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар