Елордада талапқа сай емес орналастырылған жарнама үшін айыппұл салына ма? – депутат сауалы

Елордада талапқа сай емес орналастырылған жарнама үшін айыппұл салына ма? – депутат сауалы
Фото: ҚР Парламенті мәжілісі

Мәжілістің кезекті отырысында депутат Руслан Қожасбаев Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жарнамаға тыйым салу туралы нормалар сақталмаған жағдайда қандай жауапкершілік көзделетіні туралы сауал қойды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қоғамдық орындар, көшедегі аудио жарнамаларға тыйым салу, сондай-ақ тратуарлар, автожолдарда сыртқы жарнамаларды орналастыруға тыйым салу көзделген. Бұл норма барлық қалаларға қолданыла ма? Осы тыйымдарды сақтамағаны үшін қандай жауапкершілік шаралар қарастырылған?» - деген сауал қойды Руслан Қожасбаев.

Серік Жұманғарин аталған норма елдің бүкіл аумағына қолданылатын айтты. Соның ішінде Астана да бар. 

«Себебі автожолдар, веложолдар, тратуарлардың бетіне орналастырылған жарнама көлік жүргізушілерін алаңдатады. Кейбір жарнама азаматтардың наразылығын тудырады. Қазір Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте 455-бап бар. Соған екі мәселе қосылады. Онда талапты бұзғандарға 35 АЕК-тен бастап, 400 АЕК-ке дейін айыппұл салу көзделген», - деді ол.