Мемлекет басшысы Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі туралы пікір білдірді

фото: Оңалхан Өнерхан
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды деп санайды.
Олар қазіргі заманның ең басты проблемаларына, соның ішінде Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ шешім табуға шынайы ниетті екенін көрсетті», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

30 қыркүйек, 2025
Президент Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді «Достық» орденімен марапаттады

30 қыркүйек, 2025
Тоқаев БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрін қабылдады

30 қыркүйек, 2025
Тоқаев Италия Президентін елорда әуежайынан шығарып салды

30 қыркүйек, 2025
Қазақстан Трамптың Газа секторындағы бітімгерлік жоспарын қолдайды