Депутаттар тұрғын үй алуға құқы бар азаматтардың санатын кеңейтті – Мәжіліс төрағасы


Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қызметтік міндетін атқару үстінде қаза тапқан құқық қорғау органы қызметкерлерінің отбасыларына қолдау көрсету шаралары – әлеуметтік әділеттілік жолындағы елеулі қадам.
Бұл орайда депутаттар 530 отбасыға ай сайын төленетін жәрдемақы мәселесін шешті.
Жақында ғана Мемлекет басшысы жанқиярлықпен қаза болған сардарлардың ерлігін ерекше атап өтіп, олардың отбасыларына құрмет көрсетті.
Сондай-ақ Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері жөніндегі заң аясында азаматтық қорғау және өзге де құқық қорғау органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері көзделген.
Бұған қоса, депутаттар тұрғын үй алуға құқы бар азаматтардың санатын кеңейтті.
Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар қатарына енді жесір әйелдер де кіретін болды», - деді бұл жөнніде Мәжіліс төрағасы.
Бұл шаралар қиын жағдайға тап болған жандарды мемлекет есебінен бірінші кезекте баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.



