Түсінікті Салық кодексі қабылданды– Ерлан Қошанов

Бүгін, 12:25
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Түсінікті Салық кодексі қабылданды– Ерлан Қошанов
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Үш кодекстің жаңартылып, қабылдануы Президентіміздің іргелі реформаларының іске асуының нақты көрінісіне айналды.

Бұған дейін бірде-бір заң жобасы жаңа Салық кодексі сияқты кең талқыланбаған шығар.

Жұмыс тобы отырыстарына қатысқан мамандар мен түрлі сала өкілдерінің саны
300 адамға дейін жетті.

Заң шығарушылар алдында қолданыстағы тәртіпті түбегейлі өзгерту, салық жүйесін жеңілдету, ережелерінің түсінікті болуын қамтамасыз ету міндеті тұрды.

Сөйтіп, байыпты пікірталастар нәтижесінде Парламент барлық түйткілді мәселелер бойынша ортақ мәмілеге келді.

Депутаттар бизнеске артық салмақ салмай-ақ, салық саясатын экономиканың тұрақтылығына,  азаматтардың бақуаттылығына бағыттауға қол жеткізді.

Әділеттілік идеясы корпоративтік табыс салығының сараланған мөлшерлемесі мен жеке табыс салығының прогрессивті межесінен көрініс тапты.

Енді кім көп табыс тапса, сол салықты көбірек төлейді.

Бұл ретте, табысы төмен азаматтар үшін елеулі жеңілдіктер қарастырылған.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін төлемдер жеке табыс салығынан босатылады», - деді Е.Қошанов.

Оның айтуынша, Үкіметпен бірлескен жұмыстың нәтижесінде сапалы, ашық, әділетті әрі түсінікті Салық кодексі қабылданды.