Елордада Қажымұқан Мұнайтпасов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды

фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 16-27 тамыз аралығында Қажымұқан Мұнайтпасов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан М.Жұмабаев даңғылына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Ұқсас жаңалықтар