Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Бүгін, 17:19
Айман Нығмет Айман Нығмет
views61
Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
фото: «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ

Қайғылы оқиға 15 тамыз күні сағат 14:00 шамасында Әйтеке би ауданындағы Белқопа ауылы маңындағы тас жол учаскесінде болған, деп хабарлады Elordainfo.kz «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Alphard маркалы жеңіл автокөлігі мен Volvo маркалы жүк көлігі соқтығысқан. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы үш адам әртүрлі дене жарақаттарын алған.

Оқиға болған жерді қарау барысында жол жамылғысының асфальтбетон екені, көріну қашықтығының шектелмегені және учаскенің түзу екені анықталды.

«Аталған учаскеде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс жүргізу рұқсатына сәйкес тиісті жол белгілері орнатылған, сондай-ақ жылдамдықты сағатына 40 шақырымға дейін шектеу енгізілген»,- делінген хабарламада.