Президент кубогы: Қазақстандық жұп жартылай финалға шықты

Фото: ktf.kz
Қазақстандықтар Аружан Сағындықова мен Екатерина Дмитриченко жұптық сында Президент кубогы үшін ITF сериясы бойынша Астанада өтіп жатқан W15 турнирінің жартылай финалында ойнайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстандық жұп ширек финалда жарыстың 2-ракеткалары, ресейліктер Екатерина Маклакова – Дарья Зелинскаяны ұтып кетті.
Бірінші партияда фаворит саналған ресейлік дуэт айқын басымдылық танытты – 6:1. Есесіне екінші сетте Сағындықова – Дмитриченко қарымта қайырды – 6:2. Содан кейін супер тай-брейкте дес бермеді – 10:7.
Айта кетейік, Аружан Сағындықова – Екатерина Дмитриченко финалға шығу үшін өзбекстандықтар Нигина Алимова – Сабрина Олимжановамен ойнайды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 15:52
Елімізге нағыз футбол мерекесі келді – Рафаэль Уразбахтин

Бүгін, 10:43
Қазақстан батуттағы гимнастикадан қола медаль жеңіп алды

Бүгін, 08:53
Алматыда «Реал» футболшыларын мыңдаған қазақстандық жанкүйер күтіп алды (ВИДЕО)

25 қыркүйек, 2025
Қазақстандық спортшылар Халықаралық Олимпиада комитетінің стипендиясына ие болды