Қыркүйек айында теміржол көлігімен 1 млн тоннадан астам астық тасымалданды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2025-2026 жылдардағы науқан шеңберінде биылғы егіннің астығын тасымалдаудың тұрақты орындалуын қамтамасыз етіп отыр. Ағымдағы жылғы қыркүйек айының 28 күнінде 1 млн 171 мың тонна астық тиелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 19% артық, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ішкі тасымалдар 287 мың тоннаны құрады (2024 жылға қарағанда + 65%). Экспортқа 884 мың тонна астық жөнелтілді (2024 жылға қарай +9%). Орталық Азия елдері бағытында — 555 мың тонна (+33%), сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Балтық жағалауы порттарына жөнелтілімдерде айтарлықтай өсім байқалды — 138 мың тонна (+142%).
ҚТЖ жүк жөнелтушілермен, вагон операторларымен, салалық қауымдастықтармен және орталық мемлекеттік органдармен белсенді өзара іс-қимыл жасай отырып, астық науқанынан өту бойынша үйлестірілген жұмысты жалғастыруда. Локомотив және вагон паркі, сондай-ақ компанияның инфрақұрылымы тасымалдардың жоғары көлемін қамтамасыз етуге толық дайын.
Орталық аппаратта және ҚТЖ өңірлерінде туындайтын мәселелерді жедел шешу үшін штабтар мен мамандандырылған астық топтары жұмысын жалғастырып жатыр.