Ас үйде май немесе майлы тағам тұтанып кетсе не істеу керек

Бүгін, 15:33
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views56
Ас үйде май немесе майлы тағам тұтанып кетсе не істеу керек
Фото: freepik.com

Ас үйдегі өрт – өте жиі кездесетін жағдай. Бірнеше секундтық абыржу денсаулыққа да, үйге де зиян келтіруі мүмкін. Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Сондықтан мына жайттарды есте сақтаңыз:

- Су құймаңыз! Май мен су бірікпейді – жалын одан әрі күшейеді.

- Жанып жатқан табаны сыртқа шығармаңыз – күйіп қалуыңыз және оттың таралуы мүмкін.

ДҰРЫС ӘРЕКЕТ

- Плитаны сөндіріңіз. Қызуды тоқтатыңыз;

- Табаны қақпақпен немесе табақпен жабыңыз. От оттегісіз өшеді;

- Сулы, бірақ жақсылап сығылған сүлгіні қолданыңыз. Онымен жалынды абайлап жабыңыз;

- Егер майлы өртке арналған F класты өрт сөндіргіш бар болса – қолданыңыз;

- Өрт күшейсе – дереу эвакуация жасап, 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Пайдалы кеңес

Ас үйде міндетті түрде өрт сөндіргіш немесе өртке қарсы жамылғы ұстаңыз – бұл өмірді құтқаруы мүмкін.