00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қытайда Ұлттық музейдің көрмесі ашылды

Қытайда Ұлттық музейдің көрмесі ашылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен

Қытай Халық Республикасының Тяньцзинь қаласының музейінде «Алтын адам және Ұлы дала» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейі Қытайдың Мәдени жәдігерлер орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Ашылу салтанатына Қазақстанның ҚХР-дағы елшілігінің кеңесші-уәкілі Асқар Шалқарбаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Айбек Сыдықов, партия хатшысы және Қытайдың мәдени жәдігерлер орталығының директоры Тан Пин, Тяньцзинь музейінің директоры Яо Ян, сондай-ақ Тяньцзинь қаласы басшылығының, мәдениет және туризм басқармасының, Тяньцзинь халық үкіметінің Сыртқы істер басқармасының өкілдері қатысты.

«Алтын адам және Ұлы дала» көрмесіне Ұлттық музей қорынан 185 бірегей экспонат қойылған. Көрме үш тақырыптық блокқа бөлінген. Олардың әрқайсысы қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің дамуының әртүрлі аспектілеріне арналған.

Экспонаттар арасында ерте темір дәуірінің артефактілері, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстанның ортағасырлық қалаларынан табылған заттар, сондай-ақ дәстүрлі зергерлік бұйымдар мен сәндік-қолданбалы өнер заттары бар.

Көрме 2025 жылдың 12 ақпанына дейін жалғасып, Тяньцзинь тұрғындары мен қонақтарына Қазақстанның бай мәдени мұрасымен танысуға бірегей мүмкіндік береді.