Экономикадағы жасанды интеллект әр қадамды тез және сапалы істеуге мүмкіндік береді – Айбар Олжаев

Бүгін, 17:40
Айман Нығмет Айман Нығмет
views61
Экономикадағы жасанды интеллект әр қадамды тез және сапалы істеуге мүмкіндік береді – Айбар Олжаев
фото: Айбар Олжаевтың жеке парақшасынан

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жариялады. Президент Қазақстан үш жылда цифрлық ел болу керегін айтты. Бұл туралы экономика саласының сарапшысы Айбар Олжаев пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Менің ойымша, бүгінгі Мемлекет басшысының Жолдауы ел  экономикасын жаңа белеске бағыттайды деп ойлаймын. Енді экономикамыздың толық цифрландырылуына баса назар аударылады. Осы уақытқа дейін экономиканың көп салаларында толық цифрландыру жүзеге асқан жоқ. Сондықтан да алдағы уақытта осы салада бірқатар реформа болады деп болжауға болады. Жасанды интеллект барлық салаға еніп, адам ресурстарын қажет ететін істерді оңтайландырады деп ойлаймын», - дейді Айбар Олжаев.

Сарапшының сөзінше, жасанды интеллект уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

«Мысалы, экономикадағы белгілі бір есептеулерді жасауға көптеген сала мамандары мен экономикалық институттар жұмылдырылады. Сәйкесінше, оның орындалынуына да ұзақ уақыт кетеді. Ал жасанды интеллект ондай есептеулерді бір секундта орындап, дайындап береді. Егер біз оның мүмкіндіктерін толық қолданатын болсақ, алтын уақытымызды тиімді пайдаланамыз. Ол кезде біздегі бюрократиялық процестер де тез жүретін болады. Экономикадағы жасанды интеллект әр қадамды тез және сапалы істеуге мүмкіндік береді. Оған жасанды интеллектінің әлеуеті жетеді деп ойлаймын», - деді Айбар Олжаев.