00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жолдауда айтылған көптеген бастама іске асты – депутат

5 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жолдауда айтылған көптеген бастама іске асты – депутат
фото: Elordainfo

Астана қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаты Динара Байсеркина Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

 

Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы - жыл сайынғы дәстүрлі әрі маңызды оқиға. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы саясаттың барлық аспектілері, алдағы жылдары еліміздің қалай дамитыны туралы үндеуін ұжым болып бірлесе тыңдадық. Бұл елдің экономикалық дамуы, азаматтардың әлеуметтік әл-ахуалы, білім, экология, цифрландыру мен банк саласын дамытуға және тағы басқаларға қатысты болды. Ал алға қойылған міндеттерді іске асыруда "AMANAT" партиясының мүшелері белсене араласуы тиіс, - деп есептейді Динара Байсеркина.

Спикер Қасым-Жомарт Тоқаев шын мәнінде дамыған ел болу үшін саяси реформаларды терең және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен ұштастыруымыз керек екенін атап өткенін айтты.

Әр Жолдауда айтылған көптеген бастама іске асты. Ең алдымен, бұл денсаулық сақтау және білім беру жүйесіне қатысты, онда сандар өздері үшін сөйлейді. Ал бүгінде бұл - шындық. 2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы екі есеге өсті, дәрігерлердің жалақысы да өсті. Ауылдық жерлерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысандары салынуда. Көптеген қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарындағы шекті мөлшерден асқан қаражаттарын  қымбат баспана алып, көптен күткен қоныс тойларын жасады. "Жайлы мектеп" жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады, білім беру мекемелері елордада да салынуда. "Ұлттық қор – балаларға" жобасын іске асыру басталды, оның шеңберінде жаңа жылдан бастап балалардың шоттарына қаражат түсе бастайды. Менің ойымша, Мемлекет басшысы айтқан мемлекеттік басқару жүйесінің реформалары, атап айтқанда, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау  да биыл өзгеше болды. Бұл әкімдердің көптеген мәселелерді шешуде дербестікке ие болатынын білдіреді, - деп қорытындылады Д.Байсеркина.