00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Ришат Тұрдыбеков: Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ауданымыздағы сенім мен тұрақтылықтың негізі

Ришат Тұрдыбеков: Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ауданымыздағы сенім мен тұрақтылықтың негізі
Фото: Ришат Тұрдыбеков/Instagram

Бүгінде аудан тұрғындары тек нәтижелі қызмет атқаратын  емес, сонымен қатар, адал әрі ашық жұмыс істейтін жергілікті билікті көргісі келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бұл тек заң талабы емес, халық пен мемлекет арасындағы сенімділікті қалыптастыратын маңызды негіз. Біз әрбір азамат әділдік пен теңдікке сенетін болашақты бірге құруды мақсат етеміз. Астана қаласы Нұра ауданының әкімі Ришат Тұрдыбеков осындай пікірде, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астана қаласы Нұра ауданының әкімі Ришат Тұрдыбеков ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып жатқанын айтты.

«Біз тәуекелдерді азайтып, ықтимал заңбұзушылықтарды дер кезінде анықтау үшін тұрақты бақылау және мониторинг жүйесін іске қостық. Аудандық қызметтердің жұмысын арнайы жұмыс тобы қадағалайды, ол барлық бөлімшелердің қызметін мониторингтен өткізіп, талдайды. Талдау нәтижелері біздің ресми сайтта жарияланады. Бұл жүйе қажетті ашықтық пен есептілікті қамтамасыз етіп, күмәнді жағдайларда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді», - деді Р. Тұрдыбеков.

Ол, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар аясында тұрғындар алдында тұрақты есеп беріп, атқарылған жұмыстар мен болашақ жоспарлар туралы ақпаратпен бөлісетіндерін айтты. Оның пікірінше, мұндай ашық қарым-қатынас форматы тұрғындардың күткенін түсінуге, олардың қажеттіліктеріне жауап беруге және сенімді әрі нәтижелі әріптестік орнатуға көмектеседі. 

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендететін маңызды құралдардың бірі – «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы. Бұл жоба аудан тұрғындарына бюджет қаражатын бөлу және оны іске асыру процесіне тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Азаматтардың тікелей қатысуы ауданның өмір сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жемқорлық схемаларының алдын алуға ықпал етеді. Шешімдер тұрғындармен бірге және олардың мүддесі үшін қабылданғанда, әрбір бөлінген теңге аудан игілігі үшін ашық әрі тиімді жұмсалады. Әрбір тұрғын адал әрі тұрақты қоғам құру жолында бірге жұмыс істейтінімізге сенімді болуы маңызды. Тек өзара сенім мен белсенді қатысу арқылы біз сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ орта қалыптастыра аламыз. Біз барша тұрғындарды осы бағыттағы ынтымақтастыққа шақырамыз: сіздердің қолдауларыңыз бен белсенділіктеріңіз – ортақ мақсатымыздың табысты болуының кепілі», - дейді ол.