00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Балалар омбудсмендері қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

Балалар омбудсмендері қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгін балалар омбудсмендерімен «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заманауи сын-қатерлер» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған шара Қазақстанның Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялағанына 30 жыл толуына орайластырылып, Дүниежүзілік балалар күніне арналған. Оған 50-ден астам балалар өкілдері, сондай-ақ балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер қатысты.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл және БҰҰ-ның ЮНИСЕФ Балалар қоры.

Кездесу үш тақырыптық блоктан тұрды, онда балалар негізгі мәселелер бойынша пікір білдіріп, шешу жолдарын ұсынды. Талқылау тақырыптары бала құқықтары, цифрлық әлемдегі қорғау және экологиялық мәселелерді қамтыды.

ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева құттықтау сөз сөйледі. Ол балалардың әл-ауқаты Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы болып табылатынына назар аударды.

«Балалардың құқықтарын қорғау – біздің ортақ міндетіміз. Әрбір баланың қолдау мен қамқорлықты сезініп, естуі өте маңызды. Балаларды тыңдауға мүмкіндік беретін тұғырнамаға айналған балалар өкілдіктері институтының құрылуы кездейсоқтық емес. Бүгін біздің алдымызда жаңа мүмкіндіктер ашылуда: балалар омбудсмендері қызметінің жаңа кезеңі басталып, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің жұмысы жандануда. Біздің ортақ міндетіміз – балалардың игілігі үшін күш біріктіру. Сіздер әр аймақта балалардың мүдделерін білдіріп, олардың құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету бойынша ересектерге көмекші боласыздар», - деп атап өтті бірінші вице-министр.

Тараптар жас ұрпақтың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғаудың маңыздылығын талқылады, сондай-ақ олардың дағдылары мен білімдерін дамыту үшін тренингтер ұйымдастырылды.

«Біз бүгінгі диалогқа қатысқанымыз үшін шын қуаныштымыз. Балалардың өз идеялары мен көзқарасы бар, әр баланың дамуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалуы тиіс», - деді Астана қаласының балалар омбудсмені Руслан Захаренко.

Бүгінде Қазақстанда 6,8 млн бала бар. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі балалардың өмір сүру сапасының халықаралық стандарттарына қол жеткізу. Бала құқықтары туралы конвенция қабылданғаннан кейінгі 30 жыл ішінде айтарлықтай оң өзгерістер орын алды. 2020 жылы әрбір өңірде оқушылардан құралатын балалар өкілдіктері құрылды, сондай-ақ балалардың мүдделерін жергілікті деңгейде неғұрлым тиімді есепке алу үшін бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл мәртебесі бекітілді.