00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жастар Президент Жолдауын талқылады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жастар Президент Жолдауын талқылады

Елордадағы Esil University-де студенттер Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады, деп хабарлады Elorda.info.

Esil University басшылығы мен «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жиында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын талқылап, пікір алмасты. Кездесуге арнайы қонақ болып Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшесі, қаланың қоғамдық кеңесінің мүшесі, кәсіпкер Мадина Әжікенова қатысты.

Еліміздің болашағы жастар екендігі баршамызға аян. Ал Мемлекет басшысы  жастарымызға жан-жақты қолдау көрсетуді мемлекеттің басты міндетінің бірі етіп қойды. Өз кезегінде жастардың кәсіпкерлік бастамаларына көмек көрсетіліп, олар үшін жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын жеңілдетілген тәртіппен шағын несие берілмек. Мұндай мүмкіндіктерді көпшілігі біле бермейді. Мемлекет тарапынан осындай қолдау шаралары көрсетілетінін жастарға жеткізгім келеді, - деді Мадина Әжікенова.

Кәсіпкер Жолдауда жастар арасындағы жұмыссыздықпен күрес шаралары, атап айтқанда кәсіпкерлікті көтермелеу арқылы жас ұрпаққа қолдау көрсету мәселесі айрықша айтылғанына назар аударды.

Сондай-ақ жиын барысында Мадина Әжікенова өзінің кәсіпкерлік жолы қалай басталғанын, кәсіп бастау үшін не істеу қажеттігін айтып, жастарға кеңес берді. Әсерлі әңгіме соңында мемлекет тарапынан қолдау алып, кәсіп бастағысы келіп жүрген студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.