00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жолдауда білім беру жүйесінің өзекті бағыттары айқындалды – Мәдина Тыныбаева

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жолдауда білім беру жүйесінің өзекті бағыттары айқындалды – Мәдина Тыныбаева

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының негізгі аспектілерін, білім беру жүйесінің өзекті бағыттарын айқындағанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қасым-Жомарт Кемелұлы жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен ағылшын тілін оқытуды күшейту қажеттігін атап өтті. Шынында да, бітіруші сынып оқушылары бейіндік пәндерді тереңдетіп оқу және жоғары оқу орындарына түсуге дайындық үшін жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді таңдайды. Бұл ретте Ұлттық тестілеу орталығының деректеріне сәйкес, түлектердің көпшілігі ҰБТ тапсыру кезінде математика, физика, химия және биология сияқты жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді таңдайды. Сондықтан аталған пәндерді оқыту сапасын арттыру үшін педагогтердің біліктілігін үнемі арттыру, мектептің химия, биология, физика кабинеттерін қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету қажет, - деп атап өтті Мәдина Ағланқызы.

Мемлекет басшысы Жолдауда жоғары сыныптарда ағылшын тілін оқытуды күшейту қажеттігіне де тоқталды.

Тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу қағидасына сәйкес 2024 жылдан бастап шет тілін оқыту 3-сыныптан бастап жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, типтік оқу жоспарларындағы сағат саны мектеп түлегінің CEFR (шет тілін меңгеру деңгейін бағалаудың жалпыеуропалық жүйесі) сәйкес тілді В2 ілгері деңгейінде меңгеруге жеткілікті. Бұл деңгей еліміздің және әлемнің жетекші университеттеріне түсу үшін жеткілікті болып саналады, - деді М.Тыныбаева.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Жолдауында азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру қажеттігін атап өтті.