00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Кәрімбек Құрманәлиев: Білім беру жүйесі – басым бағытта

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Кәрімбек Құрманәлиев: Білім беру жүйесі – басым бағытта

Ұлттық ғылым академиясының академигі Жолдауда айтылған білім жүйесін жетілдіру мәселелеріне тоқталды.

Біріншіден, білім жүйесі ел дамуының басым бағыттарының бірі болып қала беретіндігі көңіл қуантады. Бұл мәселе орынды көтеріліп отыр. Өйткені, шын мәнінде, айтылған сала ұлт сапасын арттыруда жетекші роль атқаратыны айқын. Екіншіден, әсіресе, мектепке дейінгі тәрбиеге байланысты қордаланған, яғни 2 жастан 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің 50 пайызы ғана балабақшамен қамтамасыз етілетіндігі ашық айтылып, бұл мәселені түпкілікті шешу бойынша Президенттің тапсырма бергені - көптің көңілінен шықты. Сонымен бірге тәрбиешілердің де әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту тапсырмасы - өз кезегінде тәрбиешілерге де зор жауапкершілік жүктейтіні түсінікті. Үшіншіден, табысты ұлт болудың кепілі - орта білім сапасына байланысты екеніне, оларға жағдай тудыру керектігіне екпін түсіре сөйлеген Мемлекет басшысы мектеп салу Үкімет пен әкімдердің маңызды міндеттері екенін еске салып, ол жұмыстарды оңтайлы шешу тетіктерін атап көрсетті. Жолдаудағы тағы бір астын сызып айтар мәселе - жоғары білікті педагог кадрлар дайындауға байланысты болды. Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредитациялау стандарттары қабылданып, ұстаздардың құзыреттілігі айқындалатын болады. Білім беру ұйымдарында сапалы білімді қамтамасыз ету мақсатында ауқымды істер атқарылатын болады , – дейді Ұлттық құрылтай мүшесі Кәрімбек Құрманәлиев.