Мәслихат депутаты: Біз әділетті Қазақстан құруға атсалысуға тиіспіз
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның бас директоры Ерлан Дәкенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палатарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Саяси маңызға ие Жолдауда қордаланған бірқатар мәселе, еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру үшін артқарылуға тиісті жұмыстарды жеке дара атап өтті. Отанымыздың өсіп, өркендеп, даму жолында әрбір қазақстандық табысты еңбек ететініне сенеміз! «Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік» деген Президентіміздің ұстанған бағыты айқын. Біз әділетті Қазақстан құруға атсалысуға тиіспіз! Жаңа Қазақстанның даңғыл жолы дара болатынына ешқандай күмән жоқ, - деді ол.