Ақмола облысының республикалық индустриялық аймағына 1,1 трлн теңге инвестиция тартылды
20 маусым, 2025


Фото: Үкімет
Ақмола облысында республикалық маңызы бар AQMOLA индустриялық аймағының іргетасына капсула салу рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ауданы 1 мың гектарға жуық индустриялық аймақ елордаға жақын орналасқан. Бұл – жаңа зауыттар мен өндіріс ошақтарын ашуға қолайлы барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақ. Қазіргі таңда мұнда жалпы көлемі 1,1 трлн теңгеден асатын инвестицияға ие жеті жоба жүзеге асырыла бастады. Инвесторлар географиясы Қытай, Түркия, Сингапур және Қазақстан елдерін қамтиды. Жобалар аясында 4,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 11:48
Орал қаласының жылу магистралін реконструкциялауға 2,5 млрд теңге бөлінді

31 шілде, 2025
Қазақстандағы үшінші АЭС-ті Қытай салады

31 шілде, 2025
Елімізде жылдам жүретін пойыздар саны арта ма – көлік министрі жауап берді

31 шілде, 2025
Доллар бағасы түсе ме - Роман Скляр валюта бағамына болжам жасады