Қазақстандағы үшінші АЭС-ті Қытай салады

31 шілде, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстандағы үшінші АЭС-ті Қытай салады
Фото: жасанды интеллект

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр министрлер кабинетінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Станцияның өзіндік құны оның жобалық-сметалық құжаттамасы және техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленгеннен кейін анықталады. Қазір қандай да бір сандарды айтқым келмейді. Үкіметаралық келісім мен ынтымақтастық нысанына қатысты барлық мәселе қазір ресейлік тараппен келісіліп жатыр.

Содан кейін парламентте ратификациялау кезеңіне өтіп, олар бойынша шешім қабылданады. Бұл туралы келіссөздер барысында айту әлі ерте», - деді премьер-министрдің орынбасары.

Роман Скляр үшінші АЭС-ті де екінші АЭС сияқты қытайлық компания салады деп отыр. Бірақ болашақ станциялардың орналасатын жерін атамады.

«Қазір Атом энергетикасы агенттігіндегі әріптестеріміз орналасу аумағында жұмыс істеп жатыр. Станция маңында тұрақты сумен қамтамасыз ету көзі өте қажет, электр қуатын тарататын аймақтар да белгіленуі керек. Бұл жақын арада аяқталады. Менің ойымша, биыл бұл станциялардың қайда орналасатынын жарияланады. Тиісті келісімдер пысықталып жатыр. Бұл жерде ешқандай құпия жоқ», - деді ол.