Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі
4 қазан, 2024


Фото: freepik
Бүгін кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы екі әлем чемпионы титулын қорғау үшін Андрей Михайловичқа қарсы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек «Qazaq Style» Әлімханұлы (15-0, 10КО) кәсіпқой рингтегі 16-шы жекпе-жегін жаңа зеландиялық Андрей «Renegade» Михайловичке (20-0, 12КО) қарсы өткізеді. Жекпе-жек Аустралияның Сидней қаласында өтеді.
Кәсіпқой бокс кешін сағат 14:00-де «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович шілде айында жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда Жәнібек салмақ қуу кезінде өзін нашар сезініп, ауруханаға түскен болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 12:18
Қазақстан ТМД елдерінің әскери-спорттық ойындарына қатысады

Бүгін, 09:26
Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

3 тамыз, 2025
Ұландық сарбаздар ІІМ-нің самбодан өткен чемпионатында топ жарды

3 тамыз, 2025
Елордадағы биатлоннан «Grand Tour Biathlon» жарысына рекордтық қатысушы жиналды