United Cup турнирі: Теннистен Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты
30 желтоқсан, 2024


Фото: ktf.kz
Теннистен Қазақстан құрамасы Аустралияда өтіп жатқан аралас командалар арасындағы United Cup турнирінің ширек финалына бірінші орынмен шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Еске сала кетейік, біздің құрама С тобына түскен еді. Бірінші кездесуде қазақстандық теннисшілер Испанияны 2:1 есебімен жеңді.
Екінші матчта Қазақстанға қарсылас ретінде Грекия шықты. Александр Шевченко әлемнің 11-ракеткасы Стефанос Циципасты 6:4, 7:6 есебімен жеңді.
Кейіннен Елена Рыбакина Мария Саккариді 6:4, 6:3 есебімен ұтып, Қазақстанды мерзімінен бұрын ширек финалға шығарды. Грекияға қарсы матчтағы үшінші ойын турнирлік маңызға ие болмайды.
Айта кетейік, біздің құрама плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты.
Келесі қарсылас кейінірек анықталады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 12:18
Қазақстан ТМД елдерінің әскери-спорттық ойындарына қатысады

Бүгін, 09:26
Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

3 тамыз, 2025
Ұландық сарбаздар ІІМ-нің самбодан өткен чемпионатында топ жарды

3 тамыз, 2025
Елордадағы биатлоннан «Grand Tour Biathlon» жарысына рекордтық қатысушы жиналды