Назым Қызайбай финалдық жекпе-жекке шықпай-ақ ел чемпионы атанды
24 желтоқсан, 2024


Фото: instagram.com/qaz_team_official
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласы атынан сынға түсіп жатқан Назым Қызайбай финалда Қызылорда облысының боксшысы Ақбота Болатқа қарсы кездесу өткізуі керек болған. Алайда қарсыласының жарақат алып қалуына байланысты Назым Қызайбай бокстан Қазақстан чемпионы атанды.
Қазіргі таңда Назым Қызайбай – бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны.
Сондай-ақ Төрехан Сабырхан финалдағы қарсыласының жарақат алып қалуына байланысты бокстан Қазақстан чемпионы атанды.
Айта кетейік, Назым Қызайбай биыл жазда өткен Париж Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған еді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 12:18
Қазақстан ТМД елдерінің әскери-спорттық ойындарына қатысады

Бүгін, 09:26
Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

3 тамыз, 2025
Ұландық сарбаздар ІІМ-нің самбодан өткен чемпионатында топ жарды

3 тамыз, 2025
Елордадағы биатлоннан «Grand Tour Biathlon» жарысына рекордтық қатысушы жиналды