Ұлттық ұлан жауынгері самбодан әлем кубогінің жүлдегері атанды
1 қазан, 2024


Фото: polisia.kz
ҚР ІІМ Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгері қатардағы Еламан Қойшыбаев Армения астанасы Ереван қаласында өткен самбо жарысына қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Спорттық самбодан жеке есепте әлем кубогінің екінші күнінің қорытындысы бойынша 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ұландық жауынгер Еламан Қойшыбаев 3-орынға ие болып, әлем кубогінің жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Еламан – халықаралық жарыстардың тұрақты қатысушысы және жүлдегері, сондай-ақ 2023 жылы Сербияда өткен әлем кубогінің жеңімпазы болған.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 12:18
Қазақстан ТМД елдерінің әскери-спорттық ойындарына қатысады

Бүгін, 09:26
Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

3 тамыз, 2025
Ұландық сарбаздар ІІМ-нің самбодан өткен чемпионатында топ жарды

3 тамыз, 2025
Елордадағы биатлоннан «Grand Tour Biathlon» жарысына рекордтық қатысушы жиналды