Дзюдодан әлем чемпионаты: Мейірлан Максим алғашқы белдесуінде жеңіске жетті

17 маусым, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Дзюдодан әлем чемпионаты: Мейірлан Максим алғашқы белдесуінде жеңіске жетті
фото: Olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Мейірлан Максим Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының жүлдесі үшін күресті сәтті бастады.

Алғашқы белдесуінде Мейірлан франциялық Алексис Матьені жеңіп шықты.

Келесі қарсыласы – Доминикан Республикасынан келген Роберт Флорентино.