Бразилия құрамасы футзалдан әлем чемпионы атанды
7 қазан, 2024


Фото: uefa.com
Өзбекстанда өткен финалда Бразилия құрамасы Аргентинадан басым түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ойынның алғашқы голын «Семей» футзал клубының ойыншысы Ферао соқты, араға уақыт салып Рафаэль есепті еселеді. Ойын соңында Аргентина сапынан Роса гол соқты.
Бразилия командасы турнирдің топтық кезеңінде Куба, Хорватия, Таиланд құрамаларын жеңді. 1/8 кезеңінде Коста-Риканы жеңіп, ширек финалда Марокко құрамасынан басым түсті. Ақтық сынға шығарда оңтүстік америкалықтар турнирдің қола жүлдегерлері Украина құрамасын минамалды есеппен жеңіп, финалға жолдама алды.
Айта кетейік, пентакампиондар осы жарыс кезеңінде 7 ойында 38 гол соғып, 6 ғана гол жіберді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 12:18
Қазақстан ТМД елдерінің әскери-спорттық ойындарына қатысады

Бүгін, 09:26
Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

3 тамыз, 2025
Ұландық сарбаздар ІІМ-нің самбодан өткен чемпионатында топ жарды

3 тамыз, 2025
Елордадағы биатлоннан «Grand Tour Biathlon» жарысына рекордтық қатысушы жиналды