Әбиба Әбужақынова Абу-Дабидегі турнирде жартылай финалға шыға алмады
11 қазан, 2024


Фото: olympic.kz
Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің ширек финалында дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова жеңіліс тапты, деп хабарлады Elordainfo.kz olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Айта кетелік, Әбиба Әбужақынова өнер көрсететін 48 келіге дейінгі салмақта барлығы тоғыз спортшы белдеседі. Қазақстандық спортшы турнирді бірден ширек финалдан бастады.
Бұл кезеңде ол ресейлік Марина Воробьеваға қарсы тұрды.
Жекпе-жек қарсыластың мерзімінен бұрынғы жеңісімен аяқталды.
Әбужақынова енді жұбаныш айналымында шаршы алаңға шығады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 12:18
Қазақстан ТМД елдерінің әскери-спорттық ойындарына қатысады

Бүгін, 09:26
Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

3 тамыз, 2025
Ұландық сарбаздар ІІМ-нің самбодан өткен чемпионатында топ жарды

3 тамыз, 2025
Елордадағы биатлоннан «Grand Tour Biathlon» жарысына рекордтық қатысушы жиналды