Бүгін бокстан ел біріншілігінің жартылай финал жекпе-жектері өтеді
23 желтоқсан, 2024


Фото: Қазақстан бокс федерациясынан
Бүгін Қарағандыда бокстан 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының ерлер мен әйелдер арасындағы жартылай финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Теміртас Жүсіпов, Серік Теміржанов, Төрехан Сабырхан, Санатәлі Төлтаев, Михаил Коханчик, Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова, Римма Волосенко сынды боксшылар финалға шығу үшін жұдырықтасады.
Жартылай финалдың тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады. Боксты Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан чемпионатына еліміздің түкпір-түкпірінен 450 спортшы қатысуда. Турнир 24 желтоқсанға дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 12:18
Қазақстан ТМД елдерінің әскери-спорттық ойындарына қатысады

Бүгін, 09:26
Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

3 тамыз, 2025
Ұландық сарбаздар ІІМ-нің самбодан өткен чемпионатында топ жарды

3 тамыз, 2025
Елордадағы биатлоннан «Grand Tour Biathlon» жарысына рекордтық қатысушы жиналды