Қазақстанда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
22 желтоқсан, 2024


Фото: olympic.kz
2025 жылы Қазақстанда ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
19-26 желтоқсан аралығында Қатардың астанасы Дохада ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтуде. Чемпионат аясында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Гаджиев Халықаралық және Азия федерацияларының басшылығымен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында ауыр атлетиканы дамыту және ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Нәтижесінде 2025 жылы жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 12:18
Қазақстан ТМД елдерінің әскери-спорттық ойындарына қатысады

Бүгін, 09:26
Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

3 тамыз, 2025
Ұландық сарбаздар ІІМ-нің самбодан өткен чемпионатында топ жарды

3 тамыз, 2025
Елордадағы биатлоннан «Grand Tour Biathlon» жарысына рекордтық қатысушы жиналды