Жанар Айжанова: Қыздан туған бала немере болмайды дегенге келіспеймін
11 наурыз, 2025


Фото: видеодан скриншот
Танымал әнші, актриса Жанар Айжанова журналист Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында «қыздан туған бала немере болмайды» деген түсінікке қатысты өз ойын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қыздан туған бала немере емес дейді. Ол қалай сонда? Немеренің екі атасы, екі әжесі болады: нағашы атасы мен нағашы әжесі және өз атасы мен әжесі. Қалған нағашыларына жиен болады», - деді өзі жалғыз қызынан туған кішкентайды бағып отырған әже.
Дегенмен Жанар Айжанованың бұл пікіріне көпшілік келіспеді.
«Қыздан туған жиен болады, немере тек ұлдан болады», «Жанар, қандай заң шығарып отырсың?», «Тұқым қыздан тарайды дегенді қайдан шығарып отыр, руы, тегі бөлек бала - немере емес» деп жазды оқырмандар.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Қазақстанда танымал әнші Шакираның концерті өтуі мүмкін

4 тамыз, 2025
«Ертегі айтатын апайлар сияқты»: Мөлдір Мұқанова елдің сынына ұшырады

4 тамыз, 2025
«Бұл – алаяқтық»: Нұрлан имам онлайн дем салатындарды сынады

4 тамыз, 2025
«Үлкен сабақ болды»: Мешіттегі оқиғада қызды кінәлаған Рүстем Жүгінісов халықтан кешірім сұрады