Қамауға алынған әнші Алмас Кішкенбаев бостандыққа шықты
20 ақпан, 2025


Фото: instagram.com/a.kishkenbaev
Белгілі әнші Алмас Кішкенбаев бостандыққа шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Алмас Кішкенбаевқа 17 жастағы курьер балаға қол жүгіртті деген айып тағылған болатын.
Әншіге белгіленген 15 тәулік қамауға алу мерзімі аяқталды.
Уақытша ұстау изоляторынан шыққан кезде әншіні қара жол талғамайтын көлік күтіп тұрған. Сағат дәл 18:00-де Алмас Кішкенбаев изолятордан шықты. Ол БАҚ өкілдерімен сөйлесуден бас тартып, жылдам көлікке отырып, кетіп қалған.
Еске салсақ, бұған дейін әнші Алмас Кішкенбаевтың жасөспірімге тиіскені үшін полицияға жеткізілген болатын. Алматы соты әншіні «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша кінәлі деп тауып, 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Қазақстанда танымал әнші Шакираның концерті өтуі мүмкін

4 тамыз, 2025
«Ертегі айтатын апайлар сияқты»: Мөлдір Мұқанова елдің сынына ұшырады

4 тамыз, 2025
«Бұл – алаяқтық»: Нұрлан имам онлайн дем салатындарды сынады

4 тамыз, 2025
«Үлкен сабақ болды»: Мешіттегі оқиғада қызды кінәлаған Рүстем Жүгінісов халықтан кешірім сұрады