Елордалық жастар халықаралық өнер фестивалінде топ жарды
21 сәуір, 2025


Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінен
Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен IV халықаралық Dubai Grand Festival өнер байқауында ENU жастары ел намысын абыроймен қорғап, зор жеңіске қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Аспапта орындау» номинациясы бойынша өнер көрсеткен «Дала сазы» фольклорлық оркестрі мен «Театр» номинациясында бағын сынаған «Шаңырақ» студенттік театры байқаудың бас жүлдесіне ие болды.
Фестиваль аясында қатысушылар шеберлік сыныптарына қатысып, түрлі елдерден келген өнерпаздармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Бұл ENU жастары үшін үлкен шабыт пен жаңа белестерге жол ашқан айтулы шара болды.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Астаналық өнерпаз зейнеткерлер Өзбекстанда өткен байқаудан жүлдемен оралды

30 шілде, 2025
Елордалық полицейлер республикалық жарыста жоғары марапаттарға ие болды

29 шілде, 2025
Астаналық оқушылар халықаралық олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді

28 шілде, 2025
Елордалық спортшы әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты