Елордада 700-ге жуық жас сарбаз ант берді
12 қаңтар, 2025


фото: polisia.kz
Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде жас жауынгерлер Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Polisia.kz мәліметінше, еліміздің түкпір-түкпірінен келген тепсе темір үзер жігіттер бір ай арнайы дайындықтан өткен. Енді олар бас қаламыздың тыныштығы мен көше тәртібін қамтамасыз етуге атсалысады.
«Ұлттық ұлан қатарында борышын өтеуге келген жас жауынгерлерді ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов құттықтап, қадамдарына сәттілік тіледі. Ал құрама командирі Аян Есжанов жаңадан келген сарбаздардың қызметтеріне бағыт-бағдар берді», - делінген мәліметте.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:49
«Мектепке жол»: Астанада 8 500-ден астам бала мектеп жабдықтарын тегін алады

Бүгін, 13:15
Елордада 125 жас сарбаз әскери ант қабылдады

Бүгін, 12:37
Астанада қазақ тілін тегін үйрететін курсқа жазылу басталды

Бүгін, 10:37
Әйелдер күресі: Эльмира Сыздықова Poland Open турнирінде күміс медаль жеңіп алды