Референдум-2026

Су добы: Қазақстан Сингапурды пенальти сериясында жеңді

5 тамыз, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Су добы: Қазақстан Сингапурды пенальти сериясында жеңді
Фото: World Aquatics

Су добынан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар бұл кездесуде Сингапур құрамасымен күш сынасты. Тартысты өткен матчта жерлестеріміз жеңіске жетті.

Негізгі уақыт тең аяқталды. Пенальти сериясында қазақстандық ойыншылар дәлдік танытып, қарсыластарынан басым түсті. Қорытынды есеп - 16:15. Ернар Тілекқабыл кездесудің үздік ойыншысы атанды.

Айта кетейік, әлем чемпионатындағы алғашқы ойында ел құрамасы Мысырға 9:14 есебімен есе жіберген болатын. Бүгін, 5 тамызда, ұлттық құрама Уругваймен кездеседі.

Еске салсақ, Алматыда студенттер арасындағы тұңғыш FIDE командалық әлем чемпионаты басталды.