Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бүгін, 17:49
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Отандасымыз биіктікке секіруден ақтық сында бақ сынады. Кристина өзінің үздік мүмкіндігінде 187 см биіктікке секіріп, екінші орын алды.

Өзбекстандық Барнохон Сайфуллаева алтын медаль жеңіп алды – 190 см. Үндістан өкілі Пуджа үшінші орынға ие болды – 184 см.

Қазақстандық Надежда Дубовицкая 184 см биіктікті бағындырып, бесінші орынға ие болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Арайлым Шегенова Азия ойындарында кураштан қола медаль жеңіп алды.