Қасым-Жомарт Тоқаевты Берлинде салтанатты түрде қарсы алды

Бүгін, 18:15
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қасым-Жомарт Тоқаевты Берлинде салтанатты түрде қарсы алды
Фото: Ақорда

Германия Федеративтік Республикасының Қорғаныс министрлігінде Берлинге ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.


Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.


Салтанатты іс-шара аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізу үшін Германия Федералдық Президентінің резиденциясына барды.

Резиденцияда Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабында естелік жазба қалдырды.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады.